Абай облысында 15 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Сурет: polisia.kz
Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Валерия Ефанова 2 қарашада сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, қазіргі уақытқа дейін оралмаған.
Үстінде ақ түсті күрте, аяқ киімі ақ, ақшыл түсті сөмкесі бар.
Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл, шаштары ақшыл, иығын дейін.
"Кәмелетке толмаған баланың қайда жүргені туралы ақпарат болған жағдайда +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 телефон нөмірлеріне немесе 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз!", - делінген хабарламада.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript