Жұмысқа шықпаған, бірақ жалақы алған: "ҚАЖсервис" ЖШС-нің бұрынғы директорына қатысты амнистия күші жойылды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, законы, законодательство, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 16:11 Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында республикалық автожолдарды күтіп-ұстаумен айналысқан "ҚАЖсервис" ЖШС филиалындағы жалған жұмысқа орналастыру дерегі бойынша қылмыстық істі қарау аяқталды. Бұл туралы 2026 жылғы 12 наурызда Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың анықтауынша, кәсіпорынның бұрынғы директоры іс жүзінде жұмысқа шықпаған адамдарды қызметке рәсімдеген, алайда олар жалақы алып отырған. Жұмыс уақытының табельдері мен қаржылық құжаттар лауазымды тұлғалардың және олардың туыстарының өтініші бойынша бекітілген.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше:

"Бірінші сатыдағы сот айыпталушыға негізсіз түрде амнистия қолданған. Алайда көлік прокуратурасының өтінішхаты бойынша апелляциялық саты бұл шешімді жойды. Кінәлі тұлға сотталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өндірілді. Үкім заңды күшіне енді."

Айта кетейік, бұған дейін Ресейден әкелінген майнерлер арқылы 185 млн теңге табыс тапқан қазақстандықтың бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: