Қазақстандық ресейлік майнинг жабдығы арқылы 185 млн теңге табыс тапқан

Суд, судья, молоток судьи, приговор, наручники, задержанный, арестованный, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 16:40 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында Теміртау қаласында цифрлық активтерді заңсыз өндіру дерегі бойынша сот үкімі шықты. Істің мән-жайымен ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, Э.Г. Толовов 2021 жылғы тамыздан бастап тиісті лицензиясыз жасырын криптоферма ұйымдастырған.

Ол схеманы жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясынан 156 бірлік майнинг жабдығын сатып алып, оны өз өндірістік базасына орналастырған.

"Э.Г. Толовов өндірген цифрлық активтерін криптобиржадағы аккаунтында жинап, кейін оларды «BinancePool» және «Litecoinpool.org» майнинг пулдары арқылы сатқан. Сауда P2P-аударымдар арқылы, USDT-ны теңгеге айырбастау арқылы жүзеге асқан",- делінген ақпаратта.

Жалпы өндірілген активтердің көлемі 11,2 BTC және 90,2 LTC құрайды, бұл шамамен 185 миллион теңгеге тең.

Сот үкімі бойынша оған бір жылға бас бостандығынан айыру және барлық майнинг жабдығын конфискациялау түрінде жазалау тағайындалды.

Сонымен қатар, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 185 миллион теңге қайтарылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: