Оралда заңсыз микрокаржылық қызмет: 128 млн теңге табыс анықталды
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылдың 18 наурызында Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Орал қаласында заңсыз микрокаржылық қызмет жүргізу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес, "Аванс 07" ЖШС-нің басшысы тиісті лицензиясыз азаматтарға зергерлік бұйымдарды кепілге алып, қарыз беруді ұйымдастырған. Аталған қызмет сырттай "Уральск Золото" атты комиссиондық дүкеннің жұмысы ретінде көрсетіліп, іс жүзінде жасырын түрде жүзеге асырылған.
Белгілі болғандай, қарыздар комиссия шарттары арқылы рәсімделген. Ал пайыздық төлемдер зергерлік бұйымдарды сақтау қызметінің ақысы ретінде көрсетілген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, заңсыз схема аясында 2 мыңнан астам қарыз берілген. Қылмыстық жолмен алынған табыс көлемі 128 млн теңгеден асқан.
Сот санкциясымен күдіктінің автокөлігіне және 6 млн теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаға тыйым салынды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript