БҚО-да полиция 1,4 млн теңгенің алаяқтығын әшкереледі

БҚО-да полиция 1,4 млн теңгенің алаяқтығын әшкереледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 22:27 Сурет: pexels
Оралда "Anti-fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген адамды анықтап, әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті азаматтарға жоғары пайда табуға уәде беріп, ақшаларын жалған инвестициялық компанияға салуды ұсынған.

Полицияның хабарлауынша, өз схемасын жүзеге асыру үшін күдікті WhatsApp мессенджерінде биржалық трейдингке қатысты топ ашып, онда инвестиция жасау мүмкіндігі туралы ақпарат жариялаған.

Жәбірленушіге салынған қаражат 50 пайыз пайдамен қайтарылады деп айтылған. Осы ақпаратқа сенген ол ақша аударған. Осылайша күдікті жәбірленушінің 1 472 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Қазіргі уақытта алаяқтықтың екі эпизоды анықталды. Күдікті кінәсін мойындап, тиісті айғақтық база жиналды. Ұрланған қаражат әзірге тәркіленген жоқ.

Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен басқа азаматтар да зардап шеккен болуы мүмкін. Осыған байланысты полиция қосымша тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: