Алматылық полицейлер 40 жастағы ер адамның қулығын әшкереледі

Алматыда жалған жиһаз жасаушы ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2025 15:04 Сурет: polisia.kz
Алматыда халықты алдап, жиһаз жасаймын деген желеумен ақша тапқан алаяқ ұсталды. "Anti Fraud" жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 40 жастағы ер адамның қулығын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өз қызметін нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен ұсынып, тапсырысты қысқа мерзімде орындайтынын айтып, тұрғындардың сеніміне кірген. Алайда уәде етілген жиһаз жасалмай, клиенттердің ақшасы да қайтарылмаған.

"Қазіргі таңда оның кемінде 8 адамды алдағаны анықталды. Жалпы шығын көлемі шамамен 5 миллион теңгені құрайды. Дегенмен жәбірленушілер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені кейбір азаматтар түрлі себептермен полицияға арызданбаған болуы ықтимал. Қалай болғанда да аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Ұсталған күдікті қамауға алынды.

Айта кетейік, ол құрбандарын негізінен интернет арқылы тапқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: