Абай облысында жүргізушінің көлігі қар суына батып қалды

Абай облысында полицейлер қолайсыз ауа райында көлігі суға батқан жүргізушіге көмектесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 18:40 Сурет: polisia.kz
Абай облысында полицейлер қолайсыз ауа райында көлігі суға батқан жүргізушіге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысында полицейлер қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып қана қоймай, қиын жағдайда қалған азаматтарға әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Осындай жағдайлардың бірі 11 наурыз күні болды.

Сол күні қала тұрғыны үйіне қайтып бара жатқан кезде жолдағы еріп жатқан қар суының салдарынан оның көлігі қар суына батып, әрі қарай қозғала алмай қалған. Көлік тізгінінде әйел адам болған. Күтпеген жағдайға тап болған жүргізуші не істерін білмей, өтіп бара жатқан азаматтардан көмек сұрауға мәжбүр болған. Сонымен қатар жақын маңда қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне хабар беруді өтінген.

Хабар түскен бойда Абай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының аға инспекторлары — Нұрбол Бұзаубаев пен Нұрдәулет Есімханов жедел түрде оқиға орнына жетті. Полицейлер алдымен жағдайды мұқият бағалап, көліктің өздігінен қозғала алмайтынын анықтады.

Қызметкерлер тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, көлікті патрульдік автокөлікке арқанмен байлап, оны судан сүйреп шығару арқылы жүргізушіге көмек көрсетті. Нәтижесінде көлік қауіпсіз жерге шығарылып, жүргізуші жолын жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: