БҚО-да тоғыз жастағы бала өртеніп жатқан үйден бауырларын құтқарып қалды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында тоғыз жастағы Бейбарыс Тілекберген өрт кезінде кіші бауырларын құтқарып, ерлік көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Аралтөбе ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан.
"Өрт шыққан сәтте үй ішінде кішкентай балалар болған. Бейбарыс сасқалақтамай, батылдық танытып, екі кіші бауырын үйден қауіпсіз жерге алып шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шамамен 5 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді", – деп хабарлады ведомство.
Көрсеткен ерлігі үшін Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Елдос Батталов Бейбарысқа алғыс хат табыстады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript