Жамбылдық құтқарушылар өртеніп жатқан үйден кейуананы алып шығып, жарылыстың алдын алды

Жамбылдық құтқарушылар өртеніп жатқан үйден кейуананы алып шығып, жарылыстың алдын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2025 17:51 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде кейуананы құтқарып, жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылында жеке тұрғын үйдің шатыры мен шаруашылық құрылысы жанып, өрт көрші үйдің шаруашылық құрылысы мен жеңіл автокөлікке тараған.

"Жедел жеткен өрт сөндірушілер түтін басқан үйден 1939 жылы туған қарт әдамды құтқарып, жанып жатқан шаруашылық құрылысынан 3 газ баллондарын алып шықты", - делінген хабарламада.

Өрт 140 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: