Алматы әкімдігі Алатау ауданында 31 жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алу мәселесін тоқтатты

«Алатау ауданы, "Қарасу" шағынауданында орналасқан жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін тартып алу немесе тұрақтау-қайтару алаңын салу мақсатында кез келген жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алу» – делінген құжатта., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 12:46 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігі 2026 жылғы 2 наурыздағы қаулыға сәйкес, Алатау ауданы, "Қарасу" шағынауданындағы жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін тартып алу немесе кез келген жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алу рәсімін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Қаулы мәтінінде:

"Алатау ауданы, "Қарасу" шағынауданында орналасқан жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін тартып алу немесе тұрақтау-қайтару алаңын салу мақсатында кез келген жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алу" – делінген құжатта.

Осыған байланысты 2025 жылғы 13 тамыздағы Алматы әкімдігінің "Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін немесе жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алу рәсімін бастау туралы" қаулысы күшін жойды.

Бұрынғы қаулы бойынша "Қарасу" шағынауданында, Бұрындай, Шаяхметов, Каламбаев және Орталық көшелерінде орналасқан 31 жер учаскесі немесе басқа жылжымайтын мүлік мәжбүрлеп алуға жатқызылатын еді.

Қалалық "Қала жер орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына мына міндеттер жүктелді:

  • Жер учаскесінің иелеріне хабарлау;
  • Қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау.

Қаулының орындалуын Алматы қаласы әкімінің орынбасары бақылайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: