Қазақстандық жазушыларға жақсы жаңалық хабарланды

Қазақстандық жазушыларға жақсы жаңалық хабарланды , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 22:12 Сурет: pexels
16 наурызда қазақстандық жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа үміткерлерден өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, сыйлық жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында биыл төртінші рет тағайындалып отыр.

Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.

Өтінім "Проза", "Поэзия", "Драматургия" және "Балалар әдебиеті" номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинацияға ғана өтінім жолдауы тиіс.

"Өтінімді 2026 жылғы 16 наурыз бен 16 маусым аралығында қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14 кіреберіс, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет",- делінген ақпаратта.

Қосымша ақпаратты +7 707 525 24 54, 8(7172)740407; 740384; 740408 нөмірлері бойынша алуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: