Қазақстандық мұғалімдерге жағымды жаңалық хабарланды
Фото: Министерство просвещения РК
Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті алынып тасталды. Бұл маңызды шешімді ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, мұндай шешім Президенттің тапсырмасымен қабылданған.
"Құрметті мұғалімдер, сіздерге қуанышты хабар айтқым келеді! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті алынды. Өте жақсы! Менің ойымша, мемлекет басшысы сіздерге үлкен сенім артып, айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр. Сондықтан баршаңызды құттықтаймын! Қажетті хат бүгін білім басқармаларына жолданды", – деп жазды Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 7 сәуірде Instagram желісінде.
Жазба астындағы пікірінде ол портфолио мен авторлық бағдарламалардың да алынып тасталатынын қосты.
Бұған дейін Астанада науқастарға арналған 675 млн теңге заңсыз жұмсалғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript