Астанада науқастарға арналған 675 млн теңге заңсыз жұмсалған

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 16:22 Фото: Zakon.kz
Астана қаласының прокуратурасы қалалық емханалардың бірінде бюджет қаражатын жымқыру схемасын әшкереледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі Zakon.kz-ке хабарлады.

Тексеру барысында медициналық ұйымның бұрынғы жетекші құрамы ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге арналған бюджет қаражатын заңсыз шығару схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Қаражаттар жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттарына аударылып, жымқыруды заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемелеген.

Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған.

Қазіргі таңда мемлекетке келтірілген жалпы залал 675 млн теңгеден асты.

Аталған дерек бойынша прокуратура органдары Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық іс шеңберінде елорда прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеу әрекеттерін жүргізуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: