Дауыс беру үшін аспаннан түсті: Өскеменде референдумға әуе шарымен және парапланмен ұшып келген
Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Мұндай ерекше транспорт бірден басқа сайлаушылардың назарын аударып, есте қалды. Дауыс берушінің айтуынша, ол әрдайым сайлауға қатысып, бұл әрекетті өз азаматтық борышы деп санайды, алайда бұл жолы ерекше тәсілмен дауыс беруді таңдаған.
Оның ерекше келуі учаскеде бірлікті, ортақ болашаққа ұмтылысты және әрбір сайлаушының қатысының маңыздылығын айқын көрсетті.
Өңірдегі тағы бір жайтта парапланерист сайлау учаскесіне қонды.
Өскемендік парапланерист Николай Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты республикалық референдумда дауыс берді.
Ол өз таңдауын №42 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде жасады. Оның айтуынша, дауыс беру – әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымын білдіріп, ел болашағына өз үлесін қосуына мүмкіндік береді.
Николай қоғам үшін маңызды оқиғалардан шет қалмай, мемлекет өміріне белсенді қатысуды маңызды деп санайтынын атап өтті.
Референдум-2026 туралы барлық жаңалықтарды сілтеме бойынша оқи аласыз.