Жетісу облысында Жоңғар Алатауы ұлттық паркі қызметкерлері ұжым болып референдумға қатысты
Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жетісуда Жоңғар Алатауы мекемесінің ұжымы сайлау күні ерекше белсенділік танытты. Мекеме қызметкерлері бір адамдай болып сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді.
Бұл олардың ел болашағына бейжай қарамайтынын, азаматтық жауапкершілікті жоғары деңгейде түсінетінін көрсетеді.
Ұжым мүшелері үшін сайлау – мемлекет дамуына үлес қосатын маңызды қадам. Сондықтан олар бұл саяси науқанға белсенді қатысып, әр азаматтың дауысы маңызды екенін көрсетті.
Мұнымен қоса, бірлік пен ұйымшылдық танытқан ұжым елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қолдайтынын білдірді.
Мекеме қызметкерлерінің осындай белсенділігі қоғамға үлгі болары сөзсіз. Өйткені әрбір азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, сайлауға қатысуы – демократиялық қоғамның басты белгісі.
Референдум-2026 туралы барлық жаңалықтарды сілтеме бойынша оқи аласыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



