Абай облысында ұрлық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды

Абай облысында ұрлық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 17:16 Сурет: polisia.kz
Семей қаласында полиция қызметкерлері 35 жастағы қала тұрғынының мүлкін ұрлады деген күдікпен 21 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктілер еркін қолжетімділікті пайдаланып, Toyota Estima көлігінің кабельді жасырын түрде алып кеткені белгілі болды.

Келтірілген материалдық шығын 500 мың теңгені құрады. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерек бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы жасалған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: