Ақтөбе облысында тұрғыннан 4 келі марихуана тәркіленді

Ақтөбе облысында тұрғыннан 4 келі марихуана тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 19:07 Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында жергілікті тұрғыннан марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері жедел ақпаратты тексеру барысында Қандыағаш қаласында жергілікті тұрғынның жалдамалы пәтерінен өсімдік тектес затты анықтап, тәркіледі.

Атап айтқанда, пәтердің балконынан өсімдік тектес зат алынды. Сонымен қатар қонақ бөлмеден өзіне тән иісі бар зат салынған пакет табылып, тәркіленді.

Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 4 келіден асатын марихуана екені анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: