Шымкентке екі ер адам қоймада есірткі зертханасын ұйымдастырған

Шымкентке екі ер адам қоймада есірткі зертханасын ұйымдастырған, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 18:28 Сурет: polisia.kz
Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іс-шаралар барысында полицейлер есірткі заттарын дайындау үшін пайдаланылатын прекурсорларды жеткізу арнасын анықтап, жолын кесті.

Белгілі болғандай, химиялық заттар Шымкенттегі қоймадан Жетісу облысына жеткізіліп отырған. Онда екі ер адам есірткі зертханасын ұйымдастырған.

Тексеру кезінде бір тоннадан астам прекурсор, шамамен 8 000 доза шығатын 4,5 келіге жуық мефедрон, сондай-ақ оны дайындауға арналған арнайы жабдықтар тәркіленді.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер есірткі заттарын тек Шымкент аумағында ғана емес, еліміздің басқа өңірлеріне де таратуды жоспарлаған.

Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: