Абай облысында инвестициялық бағдарлама арқылы жоғары табыс табуға уәде берген алаяқ ұсталды

Абай облысында инвестициялық бағдарлама арқылы жоғары табыс табуға уәде берген алаяқ ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 21:22 Сурет: unsplash
Абай облысының полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Астана қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің инвестициялық бағдарлама арқылы жоғары табыс табуға уәде беріп, Бесқарағай ауданының 48 жастағы тұрғынының сеніміне кіргені белгілі болды. Ол жәбірленушінің ақшасын иемденген.

Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі – 1,7 млн теңге.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің аталған қылмысқа қатысы бары дәлелденді. Оған қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу туралы міндеттеме қолданылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және толық анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: