Абай облысында полиция алаяқтық дерегін әшкереледі

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, личные данные, персональные данные, защита персональных данных, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2026 12:58 Фото: freepik
Абай облысының полиция қызметкерлері ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Астана қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады.

2024 жылдың желтоқсан айында ер адам өзін Toyota көлігін сатушы ретінде таныстырып, Семей қаласының 38 жастағы тұрғынын алдап кеткен.

Көлік сатып алмақ болған жәбірленуші оған 5,3 миллион теңге берген. Алайда уәде етілген көлік жеткізілмеген.

Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, алған ақшаны ол әлдеқашан жұмсап жіберген және әлі күнге дейін қайтармаған.

Бұл әрекет алаяқтық ретінде бағаланды. Қазір оған қатысты ешқайда кетпеу туралы міндеттеме түріндегі шара қолданылған.

Полиция азаматтарға ірі көлемде сауда жасарда мұқият болуға, сатушы мен тауар туралы ақпаратты алдын ала тексеруге кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: