Шавкат Рахмонов әйелімен ажырасып, балаларынан бас тартты

Шавкат Рахмонов әйелімен ажырасып, балаларынан бас тартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2026 18:31 Сурет: instagram/shavkatrakhmonov94
Қазақстандық танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы аты шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гүлайым Рахмонова UFC файтерімен ажырасқанын айтып, оны балаларынан бас тартты деп айыптады.

Ол балаларымен бірге видео жариялап, ажырасқаннан кейін балалар тек анасына керек болатынын айтты.

"Ол өз балаларынан бас тартты, бәрібір олар анасына тартады деді... Осындай қамқор әке бір күнде: "Балаларды енді алып келмеңдер!" деп айтады деп ешқашан ойламаппын", - Гүлайым Рахмонова.

Сондай-ақ ол төрт бала дүниеге әкелгенін және тағы бір сәбиді күтіп жүргенін айтты.

"Не айтайын… әкесіне балалар керек болмаса, балаларға да ол керек емес! Алла маған балаларымды өсіріп, асырауға күш-қуат берсін", - деп жазды Гүлайым Рахмонова.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: