Бопсалау және қысым: ШҚО-да студент бірқатар қылмыс жасады деген күдікке ілінді
Сурет: polisia.kz
Шығыс Қазақстан облысында студентке бірнеше бопсалау дерегі бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
YK-news.kz жазуынша, полицейлер ШҚО-дағы колледждердің бірінде жасалған бопсалау қылмыстарының сериясын әшкерелеп, жолын кескен. Қылмысқа 17 жастағы студент күдікті ретінде танылып отыр. Ол қатарластарының смартфоны мен ақшасын талап еткен.
"Бір жағдайда, сотқа дейінгі тергеу материалдарына сәйкес, күдікті мен жәбірленуші арасында жанжал туындап, оның барысында күдікті психологиялық қысым көрсетіп, 160 мың теңгеден астам ақша беруді талап еткен. Тергеу нұсқасы бойынша, басқа студенттер де осындай тәсілмен қымбат смартфондарынан және ақшаларынан айырылған. Жастар бұл қаражатты достарынан қарызға алған немесе микронесие рәсімдеген", – делінген ақпаратта.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен бір миллион теңгені құрайды.
Сонымен қатар күдіктіге қатарластарының бостандығын заңсыз шектеу фактісі де тағылып отыр.
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта сот кәмелетке толмаған студентке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрін таңдаған.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы ("Бопсалау") және 126-бабы ("Бостандығынан заңсыз айыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript