Қазақстан мен Иран президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады

Қазақстан мен Иран президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2026 17:21 Сурет: gov.kz
Иран Ислам Республикасының президенті Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, Масуд Пезешкиан құттықтауында мейірім мен берекеге толы осы қастерлі күндері мұсылман елдері арасындағы татулық нығайып, өзара ықпалдастықтың тереңдеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.

"Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста тұрақтылық орнауына және бауырлас халықтардың ынтымағы беки түсуіне тілектес екенін айтты. Президент қасиетті Ораза айт пен әз-Наурыздың жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік және бақ-береке әкелсін деген тілегін жеткізді.сезініп, дәстүр мен заманауи технологияның үйлесімін тамашалаңыздар!". Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: