Маңғыстаудағы табиғатты қорғау инспекторлары аққулардың өлексесіне қатысты түсінік берді

Маңғыстаудағы табиғатты қорғау инспекторлары аққулардың өлексесіне қатысты түсінік берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2026 16:35 Сурет: pixabay
Маңғыстау облысының жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, 25 наурызда Сайын Шапағатов ауылы маңынан 11 өлі құс табылған. Барлық өлексе белгіленген тәртіппен жойылды. Мамандар жаппай қырылу белгілері анықталмағанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері қазіргі уақытта Түпқараған ауданы мен Ақтау жағалауы бақылауға алынғанын айтты. Жағдайға тиісті қызметтер жұмылдырылып, құзырлы органдарға хабар берілген, деп жазды Lada.kz.

Сондай-ақ Қарақия-Қаракөл қорық аумағында орналасқан Қаракөл көлінде мұндай жағдайлар тіркелмегені хабарланды. Тексеру жалғасып жатыр, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатыны айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Каспий жағалауына өлі аққулар табылғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: