Жаңалықтар тізбегі
0

"Семей орманы" табиғи резерватында тағы да орманды тонау фактісі анықталды

Кесілген ағаштар, орманды тонау, Семей орманы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2024 20:33 Сурет: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
"Семей орманы" МОТР" РММ аумағында рейдтік іс-шаралар барысында резерваттың мемлекеттік инспекторлары Абай облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп ағаштарды ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылдың 19 қыркүйегінде "Семей орманы" МОТР" РММ Семей филиалының Талица орманшылығының аумағында өртенген ағаштарды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде рұқсатсыз дайындалған кәсіптік ағаштың сүректері табылып, жауапты тұлға анықталды. Осы факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2024 жылы 11 шілдеде "Семей орманы" филиалының директоры ұсталғаны хабарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: