Алматы тауларында "Бұтақты" визит орталығы ашылды

Алматы тауларында "Бұтақты" визит орталығы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2026 14:54 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бутаковка шатқалында жаңа "Бұтақты" визит орталығы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нысан ұлттық саябақтың 30 жылдығы аясында пайдалануға беріліп, туристік инфрақұрылымды дамытуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

"Жаңа "Бұтақты" визит орталығы экологиялық ағарту, мәдени және білім беру іс-шараларын, эко-белсенділіктерді, шеберлік сабақтарын және тимбилдингтерді өткізуге арналған заманауи алаңға айналады. Бұл тұрақты туризмді дамытуға және Алматы тұрғындары мен қонақтары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Визит орталығы аумағында заманауи қоғамдық дәретханалар, тамақтану орны, тимбилдинг пен шеберлік сабақтарын өткізуге арналған аймақтар, сондай-ақ мектеп оқушыларына, мемлекеттік және жеке топтарға арналған ашық аспан астындағы білім беру және мәдени бағдарламаларға арналған кеңістіктер қарастырылған. Орталықта ұлттық саябақтың жаңа топтамасындағы кәдесый өнімдері мен фирмалық тауарлары ұсынылған. Сонымен қатар, келушілерге ыңғайлы болу үшін жаңартылған навигация және аумақты брендтеу элементтері енгізілген, бұл табиғи саябақты кеңінен танытуға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: