Алматыда жылу беру тоқтатыла бастады

Жылу, Алматы, жылу беру, тоқтату, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2026 19:26 Сурет: pexels
Алматыда бүгін, 3 сәуірден бастап жылу беру кезең-кезеңімен тоқтатыла бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы оңтүстік астана әкімдігінің Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады:

"Бұл шешім ауа райының жылынуына байланысты қабылданды: қалада сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн қатарынан +8 градустан жоғары болып отыр. Жылу жүйесін өшіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен әкімшілік ғимараттарда, кейін тұрғын үйлерде, ал ең соңында әлеуметтік нысандарда (мектептер, балабақшалар, ауруханалар) жылу тоқтатылады".

2025-2026 жылдардағы жылыту маусымы қалыпты режимде өтті.

39 шақырым жылу желісінің жаңғыртылып, 84 қазандықтың жаңартылуының арқасында энергия тұрақты әрі үздіксіз берілді. Маусым барысында қала қызметтері жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп, қаланың инженерлік инфрақұрылымының сенімділігін қамтамасыз етті.

Бұған дейін Алматының Алмалы ауданында инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізіле басталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: