Алматыда қанттың бір келісі 445,5 теңгеге дейінгі бағамен сатылып жатыр

Сахар, цены на сахар, сахарный завод , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 09:06 Фото: freepik
"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары аясында қаладағы сауда желілеріне құмшекер жеткізуді бастады.

Биыл наурыз және сәуір айларында Small супермаркеттеріне ("Скиф-Трейд" ЖШС) ай сайын 120 тоннадан, жалпы көлемі 240 тонна қант бір келісі 405 теңге босату бағасымен жөнелтілді.

Ритейлерлер үшін белгіленген 10%-дан аспайтын сауда үстемесін ескере отырып, тұтынушылар үшін қанттың шекті бөлшек сауда бағасы келісіне 445,5 теңгеге дейін белгіленді. Өнім Алматы қаласындағы Small сауда желісінің 36 нүктесінде қолжетімді.

Қант жеткізу тұрақтандыру қорының есебінен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 2025 жылы қарашада "Алматы" ӘКК отандық өндірушілерден 4500 тонна құмшекер сатып алған.

Бұл қорлар сұраныс артқан кезеңде Magnum, Small, Toimart, "Столичный" және "Юбилейный" сауда желілері арқылы сатуға арналған. Босату бағасы сауда үстемесі 10%-дан аспайтын шартпен бір келісі 405 теңге болды.

Бағаны тұрақтандыру тетігі биыл қараша айына дейін күшінде болады. Ол қант тапшылығына жол бермеуге және шаһарда сұраныс артқан кезеңдерде бөлшек сауда бағасының өсуін тежеуге бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: