Алматыда үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткен бүлдіршін аман қалды

Ребенок у окна, дети у окна, окно, падение из окна, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 20:28 Фото: unsplash
Алматыда 4 жастағы бүлдіршін көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 8 сәуірде ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, оқыс оқиға 2025 жылдың мамыр айында "Өжет" ықшамауданындағы үйлердің бірінде болған.

"4 жастағы қыз бала небәрі бірнеше минутқа қараусыз қалған. Анасы сол сәтте курьерден сәлемдеме қабылдап, тез ораламын деп ойлаған, ал әкесі жұмыста болған. Бала 8 қабатты үйдің 3-қабатындағы терезеден құлап кеткен",- делінген ақпаратта.

Абырой болғанда, дәрігерлер бүлдіршіннің өмірін аман алып қалған.

"Диагноз: жабық бас-ми жарақаты, іш қуысының тұйық жарақаты. Қыз бала шұғыл түрде №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Абырой болғанда, дәрігерлердің көмегімен баланы аман алып қалу мүмкін болды. Біраз уақыт өткеннен кейін қыздың жағдайы тұрақталып, оны үйіне жіберді. Бірақ бәрі басқаша аяқталуы мүмкін еді".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Шымкентте мектеп оқушысының өз-өзіне қол салғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: