Қазақстандық мұғалімдерге ПББ үшін төленген қаражат қайтарылады: не істеу керек

Школьники, ученики, школа, школы, частная школа, частные школы, ученики за партой, школьный кабинет, класс, школьные занятия, уроки, учитель, педагог, преподаватель , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2026 17:50 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2026 жылғы 8 сәуірде педагогтердің білімін бағалауға (ПББ) қатысты маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хатының негізінде "модератор", "сарапшы", "зерттеуші", "шебер" санаттарына жұмыс істеп жүрген педагогтер және санатқа тапсыратын басшылар үшін ПББ өткізу тоқтатылады.

"Төлемді қайтару үшін uto@testcenter.kz электрондық поштасына өтініш жолдауларыңыз қажет", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар орталық жоғары оқу орындары мен колледж түлектері, сондай-ақ педагогикалық қызметін қайта бастауға ниет білдерген тұлғалар үшін "Педагог" санатына ПББ өтініштерге сәйкес өткізілетінін мәлімдеді.

"Тестілеуді "Педагог" санатына ай сайын өткізу жоспарланғанын еске саламыз", – деп хабарлады орталық.

Бұған дейін орталық 2026 жылы ПББ алғашқы тапсыруы тегін, ал екінші мүмкіндігі 5 640 теңге тұратынын нақтыланған еді.

Тестілеу 1 бөлімнен және 50 тест тапсырмасынан тұрады. Ұзақтығы – 80 минут, ал "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндерін тапсыратындар үшін – 125 минут.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: