БҚО-да көліктерді жалға беруге қатысты бірнеше алаяқтық әшкереленді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2026 19:47 Фото: Zakon.kz
Полиция қызметкерлері облыс орталығының 26 жастағы тұрғынының қылмыстық әрекетін әшкерелеп, тоқтатты. Ол тіркелген жеке кәсіпкерлік арқылы автокөліктерді жалға алу сылтауымен иемденіп отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, күдікті көлік иелерінен көліктерді ұзақ мерзімге жалға рәсімдеген. Кейін заңды негізі болмағанына қарамастан, ол автокөліктерді өз қарыздарын өтеу үшін үшінші тұлғаларға берген. Бұл ретте көліктер иелеріне қайтарылмаған, ал жалдау төлемдері тоқтатылған.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 15 миллион теңгеден асады.

Күдікті ұсталды. Ол кінәсін мойындап, оның айғақтары куәгерлердің мәліметтерімен расталды. Оған қатысты төрт эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол қамауға алынды.

Тергеу жалғасып, автокөліктердің орналасқан жері анықталып жатыр.

Полиция азаматтарды мүлік пен ақшаны беру кезінде сақ болуға, сондай-ақ автокөліктерге қатысты мәмілелердің заңдылығын мұқият тексеруге үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: