Елордада қаскөй жалға алынған көлікті сатып жіберген

Астанада жалға алынған автокөліктерді сату арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Соның бір мысалы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Оқиға барысында 35 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны Ravon автокөлігін OLX платформасы арқылы жалға алып, күн сайын 10-15 мың теңге төлеуге уәде берген.
Алайда көлікті жалға алған соң, белгісіз бағытта жоғалып, кейін оны 3 миллион теңгеге сатып жіберген. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстап үлгерді.
Қазіргі уақытта көлік иесіне қайтарылып, күдіктіге қатысты "кетпеу туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript