Шымкентте 11 сәуірде "Таза қала" жалпықалалық сенбілігі өтеді

Шымкентте 11 сәуірде "Таза қала" жалпықалалық сенбілігі өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2026 18:47 Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 11 сәуір күні Шымкент қаласында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясындағы "Таза қала" жалпықалалық сенбілігі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған акция барысында қала аумағындағы 5 аудан бойынша тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Олар:

Абай ауданы:

  • "Шымсити" саябағы (Алатау, Абылай хан, Әбілхайыр хан көшелерінің бойы);
  • Асар шағын ауданы (Жейхун көшесінің бойы, көпқабатты тұрғын үйлер маңы);
  • Ақжайық шағын ауданы (Қ. Төлеметов және Көкшетау көшелерінің бойы, көпқабатты тұрғын үйлер маңы).

Әл-Фараби ауданы:

  • Сәуле шағын ауданы (Отырартөбе көшесі, Көксай-1, Көксай-2 және Көксай-3 көшелері).

Еңбекші ауданы:

  • Қапал батыр көшесі (көпір маңы);
  • Қаратөбе тас жолы;
  • Қапал батыр көшесі (ШМӨЗ баратын жол).

Қаратау ауданы:

  • Нұртас шағын ауданы (Д. Қонаев атындағы мектеп жанындағы автотұрақ).

Тұран ауданы:

  • Самал-1 шағын ауданы (Өтегенов және Алтынжол көшелерінің қиылысы).
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: