Астанада 29 сәуір күні жалпықалалық сенбілік өтеді
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, елордада 8 сәуірден 6 мамырға дейін "Жасыл Астана" дәстүрлі экологиялық айлығы өткізіледі. Оның аясында Астанада қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және қаланың белсенді тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.
Сурет: gov.kz
Естеріңізге сала кетейік, эко айлық 8 сәуір күні алғашқы көктемгі коммуналдық сенбілік арқылы ашылған. Еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының күшімен полигонға 555,58 тонна қалдық жиналып, шығарылды. Жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден асатын саябақтар мен скверлерді жинау, ағаш отырғызу жүргізілді. Іс-шараға аудандық әкімдіктер, коммуналдық қызметтер, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері белсенді қатысты.
Сурет: gov.kz
Екінші коммуналдық сенбілік 22 сәуір күні өтті. Оған 3 203 адам, 222 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 587 арнайы техника жұмылдырылды. Полигонға 246,92 тонна қалдық шығарылды.
29 сәуірдегі сенбілік кезінде ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызып, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындарының маңын тазартады.
Ағаш жинау және отырғызу учаскелерін нақтылау үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:
- Алматы ауданы: Нұрқанат Мұрат, +7 701 741 87 77;
- Байқоңыр ауданы: Нұрбол Айтбеков, +7 778 968 18 58;
- Сарыарқа ауданы: Жансейіт Тынбаев, +7 747 868 81 11;
- Есіл ауданы: Жасұлан Қырғызбаев, +7 701 628 46 86;
- Нұра ауданы: Руслан Оралов, +7 777 079 04 24.
Алдағы сенбі күні, яғни 29 сәуірде қала тұрғындары ауқымды сенбілікке шақырылады.