Алматыда 8 қазан жалпы қалалық сенбілік өтеді
Осыған орай, қала әкімдігі барша қаланың жанашыр тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға шақырады.
Акция Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарындағы жерлерді қамтиды:
Бутаковка шатқалы – орманшының үйінен басталып, «Бутаковка» төменгі сарқырамасына дейін;
Ақбұлақ – Көкжайлау – «Ақбұлақ» аялдамасынан бастап Көкжайлау үстіртіне дейін;
Казачка шатқалы – Казачкадағы тұйық тосқауылдан Көкжайлау үстіртіне дейін;
Қимасар шатқалы – Қимасар шатқалындағы қаңырап қалған үйден кемпингке дейін басталады;
Проходное шатқалы – тас аялдамадан «Қыздың көз жасы» сарқырамасына дейін.
Ведомствоның хабарлауынша, барлық қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен және суы бар түскі ас жәшіктерімен қамтамасыз етіліп, қаладан трансфер ұйымдастырылады.
Белсенділер үшін жиынның күні мен уақыты белгіленеді.
8 қазан күні белсенділер 07:45 - 08:00-де Спорт сарайының жанына жиналуы керек. Балуан Шолақ (Визу Алматы), «Қазақстан» қонақ үйі (паркинг) және Тұңғыш Президент саябағында (Визу Алматы).