Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Алматы, жалпықалалық сенбілік, сенбілік, тазалық, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2022 13:00 Сурет: Zakon.kz
9 сәуір күні Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді. Оған коммуналдық қызметтердің 2000-нан астам қызметкері қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігі таратқан ақпарат бойынша, қысқы кезеңнен кейін қала аумағын, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, сондай-ақ сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды тазарту жоспарлануда.

Жаппай ағаш отырғызу да  жоспарда бар.

Қала аудандары бойынша сенбілік өтетін орындар:

  1. Алатау ауданындағы «Сосновый бор» экопаркінде жаппай ағаш отырғызу және іргелес жасыл аймақтардағы аумақты жинау жоспарланған.

  2. Алмалы ауданында сенбілікті Сайран көлінің шығыс жағалауында жаппай өткізу жоспарланған.

  3. Әуезов ауданында – Сайран көлі мен Үлкен Алматы өзенінің батыс жағалауында Жандосов көшесінің оңтүстігінде. 

  4. Бостандық ауданында – Абай даңғылының бөлу жолағы бойынша.

  5. Жетісу ауданында - Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында.

  6. Медеу ауданында – «Восточка» ТК артындағы Казачка өзенінің, Д. сҚонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында, ШААЖ-нан Диваев көшесі бойымен «Таулы қырат» кентіне дейін.

  7. Наурызбай ауданында – Қарғалы өзені аумағындағы Абай даңғылы және Байбақ батыр көшесінің солтүстігіндегі Қарғалы өзенінің айналасы.

  8. Түрксіб ауданында – Петрозаводская және Майлин көшелеріндегі жыралардың бойы.

    Қалада сенбілік 19 наурызға жоспарланған. Бірақ ауа райына байланысты кейінге қалдырылған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: