Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада жалпықалалық сенбілікке 56 мыңнан астам адам шықты

Жалпықалалық сенбілік, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2023 16:48 Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Елордада "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Астананың тазалығына 56 мыңнан астам қала тұрғыны шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордада 16 қыркүйектен 14 қазанға дейін "Жасыл Астана" дәстүрлі экологиялық айлығы өтеді. Осы жұмыс аясында қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.


Жалпықалалық сенбілік, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2023 16:48

Сурет: Астана қаласы әкімдігі


Бүгін сағат 09:00-ден бастау алған жалпықалалық сенбілікке ірі, орта және шағын бизнес өкілдері де қатысты. 200-ден астам компанияның қызметкерлері, қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар өз ұйымдары мен кеңселерінің жанындағы аумақты тазартты.


Жалпықалалық сенбілік, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2023 16:48

Сурет: Астана қаласы әкімдігі


14 қазанға дейін жалғасатын сенбіліктерде елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру өткізіледі.


Жалпықалалық сенбілік, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2023 16:48

Сурет: Астана қаласы әкімдігі


Қала тұрғындары сағат 12:00-ге дейін 110 тоннаға жуық қоқыс шығарды. Сол сияқты 1200-ге жуық жасыл желек отырғызды. Отырғызылған жасыл желектердің арасында қарағаш, үйеңкі, қарағай, бұталар бар.


Жалпықалалық сенбілік, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2023 16:48

Сурет: Астана қаласы әкімдігі


Ағаштарды жинау және отырғызу учаскелерін нақтылау үшін қала тұрғындары аудан әкімдерінің аппараттарына келесі телефон нөмірлері бойынша жүгіне алады:

  • Алматы ауданы: 8 747 032 65 07;
  • Байқоңыр ауданы: 8 701 553 26 27;
  • Сарыарқа ауданы: 8 701 272 50 71;
  • Есіл ауданы: 8 778 900 18 61;
  • Нұра ауданы: 8 701 719 91 39.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: