Әлихан Смайылов жалпықалалық сенбілікке қатысты

Смайылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2023 12:48 Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет аппаратының қызметкерлерімен бірге "Жасыл Астана" жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлы Дала даңғылының бойына жағалай жасыл желек, оның ішінде қарағай, балқарағай, қайың, қарақат сияқты 120-ға жуық көшет егілді.

Сондай-ақ бүгін елордада мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындар ұжымдары және қала тұрғындары іргелес аумақтар мен су жағалауларын тазалап, ағаш екті.

Айта кетейік, Астанада 6 мамырға дейін дәстүрлі экологиялық шара аясында сенбіліктер мен басқа да "жасыл" акциялар легі жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: