Әлихан Смайылов сайлау учаскесінен Қазақстан халқына үндеу жасады
Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елдегі кезектен тыс президент сайлауында дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлихан Смайылов республиканың барша азаматтарын сайлауға келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.
Премьер-министр Астанадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан No111 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Еліміздің алдағы жеті жылда қалай дамитыны дәл бүгін айқындайды. Біз азаматтық белсенділік танытып, мемлекет басшысы лауазымына үміткерімізге дауыс беруіміз керек. Мен өз таңдауымды бейбіт және қуатты Қазақстан үшін, әрбір қазақстандық отбасының амандығы үшін дауыс беру арқылы жасадым», - деді Әлихан Смайылов дауыс беруден кейін.
2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript