Тоқаев Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2026 09:05 Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 11 сәуірде Дональд Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті.

"Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты",* делінген ақпаратта. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемида" бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.

Айта кетейік, айды айналып ұшқан Artemis II миссиясының экипажы 11 сәуір күні таңертең Сан-Диего жағалауына сәтті қонды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: