Бүгін Алматы мен еліміздің тағы бес қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2026 09:28 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 11 сәуірде Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 11 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Астана, Алматы қалаларында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде зиянды (ластаушы) заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып қалады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе тас жолдар мен басқа да ластаушы көздердің маңында жүруді шектегені жөн. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

Бұған дейін 11 сәуірде елдің қай өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: