Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Алматы, ауа сапасы, қолайсыз ауа райы, Талдықорған, 9 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2026 09:08 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылғы 9 мамырға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті метеожағдайларға қатысты болжаммен бөлісті. Оған сәйкес, бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"9 мамырда Алматы және Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", делінген синоптиктер хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін синоптиктер 9 мамырда еліміздің кей өңірлерінде аптап ыстық болатынын болжаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: