Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

"Қазгидромет" РМК 4 мамырға арналған Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Оған сәйкес, бүгін еліміздің екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, Алматы, Атырау қалаларында ауаның ластануы сипатында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, делінген синоптиктер хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚЖМ) — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚЖМ кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
ҚМЖ жағдайында қала тұрғындарына мыналар ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе тас жол бойында жүруден аулақ болу;
- балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуге кеңес берілмейді;
- өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
- ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз;
- дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.
Бұған дейін синоптиктер жексенбіде, яғни бүгін қай өңірлерде бұршақ жауып, үсік жүретінін айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript