Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны ескертілді

Ауа сапасы, нашарлау, 21 қыркүйек, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Атырау, Қостанай, Алматы, Астана , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2025 09:44 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2025 жылғы 21 қыркүйекке арналған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар бойынша өз болжамымен бөлісті. Оған сәйкес, бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 21 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Орал, түнде Атырау, Қостанай, Алматы, Астана қалаларында күтіледі", делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚЖМ) — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына мыналар ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе тас жол мен басқа да ластану көздерінің маңында көп уақыт болмау;
  • тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға сыртта жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру;
  • пәтер терезесі мен балкон есіктерін жабық ұстау;
  • сыртқа шыққан жағдайда бетперде тағу.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 21 қыркүйекке арналған еліміз бойынша жалпы ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: