Алматыда құны 2 млрд теңгеден асатын жер учаскесі жеке меншікке заңсыз берілген

Алматы, осень в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2026 22:16 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы прокуратурасы Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 15 сәуірде қадағалау органы таратқан ақпараттан белгілі болды.

"Қадағалау қызметі шеңберінде ауданы 4,2 га жер учаскесін жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды. Даулы учаске сауықтыру мақсатындағы жерлерге жатады және экологиялық желінің элементі болып табылады. Алатау ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты".

Атап өтілгендей, бірінші сатыдағы шешімді Алматы қалалық сотының сот алқасы күшінде қалдырды.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 2 млрд теңгеден астам даулы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды",- деп атап өтті прокуратура.

Бұған дейін Қазақстанда шетелден алимент өндіріп алу тәртібі жеңілдетілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: