Жетісу облысында кәсіпкерге қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін жер заңсыз берілген

Жетісу облысында кәсіпкерге қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін жер заңсыз берілген, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2025 10:46 Сурет: Zakon.kz
Жетісуда прокурорлар жер телімін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпкерге ҚР Жер кодексін бұза отырып, сауда-саттықсыз (аукционсыз) қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін көлемі 2 гектардан астам жер учаскесі берілген.   

"Талдықорған прокурорының қадағалау актісімен облыстың жер ресурстарын басқару департаменті талап арыз беріп, сот оны қанағаттандырды", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылып, құны 3,9 миллион теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.


 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: