Атырауда өткен "Кітап FEST" фестиваліне 8000-нан астам тұрғын қатысты

Атырауда өткен "Кітап FEST" фестиваліне 8000-нан астам тұрғын қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2026 22:48 Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен ауқымды "Кітап FEST" фестиваліне 8000-нан астам адам жиналды. Кітап оқуды насихаттайтын мұндай кең көлемдегі іс-шара өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Кітап жәрмеңкесіне 5000-нан астам кітап қойылды. Оған еліміздің сегіз баспасы мен облыс аудандарындағы кітап желілері қатысты.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Фестиваль қорытындысы бойынша 4000-ға жуық кітап сатылып, тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығының жоғары екенін байқатты.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Облыс әкімі Серік Шәпкенов фестивальге қатысушыларды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, өңірдің ең белсенді оқырмандарын марапаттады.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Аймақ басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының "оқитын ұлтқа айналу" мақсаты жай ұран емес, қоғамды рухани дамуға бастайтын маңызды бағыт екенін атап өтті.

"16–23 сәуір аралығында Ұлттық кітап күніне орай облыста көптеген іс-шара ұйымдастырылды. Бұл кітапқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Бүгінгі фестиваль ақын-жазушыларды, әдебиет өкілдерін мен баспагерлерді бір алаңға тоғыстырды. Сіздер сөз арқылы қоғамдық сананы қалыптастырып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп келесіздер. Ұлттың рухани қазынасына баланатын еңбектеріңізге шынайы алғысымды айтамын. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлеріне өз ризашылығымды білдіремін", – деді С. Шәпкенов.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Фестиваль мазмұнды мәдени бағдарламамен жалғасты. Балаларға арналған мюзикл мен атыраулық көрнекті ақындардың шығармашылығына негізделген театрландырылған қойылым көптің көңілінен шықты.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

"Кітап FEST" қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен концертпен қорытындыланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: