Заң мен Тәртіп: Әділ қоғам негізі – қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет

Ұлытау облысының шалғай өңірінде орналасқан Қаражал қаласында құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық форум өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2026 16:24 Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұлытау облысының шалғай өңірінде орналасқан Қаражал қаласында құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық форум өтті.

Іс-шараны Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Полиция департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті және "Ұлытау жастары" қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды. Форум жұмысына БАҚ өкілдері мен "Ұлытау" телеарнасы қатысты.

Шара аясында қала тұрғындары мен жастар арасында заманауи қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Басты тақырыптар:

  • қаржылық қауіпсіздік: Дропперлік схемаларға тартылудан сақтану және цифрлық гигиена ережелері;
  • цифрлық гигиена, киберқауіпсіздік: Дипфейк (deepfake) технологиялары арқылы жасалатын алаяқтықтың қаупі;
  • нашақорлыққа қарсы күрес: Есірткі қылмысының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысушылар үшін теориялық білімді бекіту мақсатында интерактивті лекциялар мен сұрақ-жауап форматындағы викториналар ұйымдастырылып, нақты кейстер талданды.

Форумның практикалық бөлімінде күштік құрылымдардың жұмысы таныстырылды:

  • кинологиялық қызмет: Қызметтік иттердің есірткі заттары мен тыйым салынған бұйымдарды іздеудегі мүмкіндіктері көрсетілді.
  • арнайы мақсаттағы жасақ: Тактикалық дайындық элементтері мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу әдіс-тәсілдерін паш етті.

Ұлытау облысының шалғай өңірінде орналасқан Қаражал қаласында құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық форум өтті., сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2026 16:24

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңыздылығы

Мамандардың пікірінше, мұндай кешенді шаралар жастардың бойында алаяқтық, соның ішінде интернет-аляақтық, киберқылмыс пен есірткі қылмысына қарсы "иммунитет" қалыптастыруға көмектеседі. Бұл – Ұлытау облысының елді мекендерінде өтіп жатқан профилактикалық кездесулер сериясының жалғасы. Бұған дейін ұқсас шара Жәйрем кентінде өткен болатын.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, тіпті шалғай аймақтардағы тұрғындармен тікелей диалог орнату – қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын орнықтырудың ең тиімді жолы.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: