Алматы ботаникалық бағы 4 мамырда уақытша жабылады

Ботанический сад в Алматы, Алматинский ботанический сад, Алматы, весна в Алматы, город Алматы, ботсад, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 09:36 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 30 сәуірде Алматыдағы Бас ботаникалық бақ әкімшілігі 4 мамыр, дүйсенбі күні аумақ келушілер үшін жабық болатынын хабарлады.

Бұл туралы ботаникалық бақтың Instagram парақшасында жарияланды.

Әкімшіліктің мәліметінше, бұл күні бақ аумағында жоспарлы санитарлық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты келушілерді қабылдау уақытша тоқтатылады.

Сонымен қатар, басқа күндері ботаникалық бақ бұрынғы кесте бойынша жұмысын жалғастырады:

  • күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін.

Кассадағы техникалық үзіліс:

  • 15:00-15:30 аралығы.

Әкімшілік санитарлық күн техникалық себептерге байланысты немесе айдың алғашқы дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келген жағдайда басқа күнге ауыстырылуы мүмкін екенін де ескертті.

Айта кетейік, 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап Алматы ботаникалық бағы жаңа жұмыс тәртібіне көшкен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: