3,5 миллиард теңге шығын: Қазақстанда шетелдік инвесторды алдап кетті

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 18:59 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда швейцариялық инвесторды 3,5 миллиард теңгеге сан соқтырып кеткен. Істің мән-жайын 2026 жылғы 30 сәуірде ҚР Бас прокуратурасы ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Швейцария инвесторы Люк Ярчик Корнелияға қатысты жасалған 3,5 миллиард теңге құрайтын алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істің тергелуі аяқталды.

"2016 жылдың қыркүйегінде қазақстандық кәсіпкер жалған құжаттарды пайдаланып, швейцариялық инвесторға тиесілі "УК Ринком" ЖШС-ің 80% үлесін 63 миллион теңгеге заңсыз сатқаны анықталды",- делінген ақпаратта.

Кәсіпорын Ұлытау облысында темір кен орнын игерумен айналысқан.

Соттың 2026 жылғы 27 сәуірдегі үкімімен азамат М. ҚК-тің 190 б. 4 б. 2 т. (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық жолмен алынған мүлкі тәркіленіп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Шетелдік инвестордың 3,5 миллиард теңге мөлшеріндегі азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Бас прокуратура тергеп-тексерудің жан-жақты, объективті және сапалы жүргізілуін қамтамасыз етіп, нәтижесінде шетелдік инвестордың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілді.

Бұған дейін Қарағанды облысында полиция қызметкерлері өңірдегі өнеркәсіптердің бірінде әрекет еткен қылмыстық топтың қызметін тоқтатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: